ТҮН..
Ұйқысыз..
Ауырып, жөтелдім..
Сен емдеп, шаршамай көтердің.
А-н-а-ш-ы-ы-м,
Мен саған қарызбын..
(..Айт енді, қалайша өтермін??)
ТҮН..
Жыладым, түс көріп,
Селк етт-і-м..
С-е-н оянып,
Жұбаттың,
Тербетт-і-ің..
Жалғанда бір өзің - жанашыр..
(Мен саған, ешнарсе бермептім..)
ТҮН!!!
Қараңғы бөлмеден - қорықтым..
Сен тағы, ұйқысыз зорықтың..
А-н-а-ш-ы-ы-м, не деген а-с-ы-л ең..
..Мен сенің бақытың болыппын...
******
КҮН..
Бүлдіріп,
Еркелеп,
Күлемін..
Ал сенің, қуанды жүрегің..
Сен АНА күлімдеп жүргенде,
Мен қ-а-л-а-й мұңайып жүремін??
КҮН..
Алысқ-а-а кеттім..
Са-ғын-дың..
Көбейтіп, шашыңның ағын тым..
А-н-а-ш-ы-м, уайымға салынба!
Ер жеттім, тағдырға бағындым..
КҮН!!!
Есейдім..
Ес кіріп, шалқайдым..
С-е-н, мені ойладың..
..Бар қай-ғың,
А-н-а-шым..
Кешірші..
Кешіргін!
Мен үшін..
Қыйналдың,
Қартайдың..
*****
АНАДАН асқан жан бар ма?
Түсінер мына жалғанда..
АНА-дос, АНА-періште,
С-ү-й-е-н-і-ш,
Жалғыз қалғанда.
Жұбатқан жасым тамғанда,
Шуағын шашқан таңдардан,
Таңдарға..
АНА-өмір, есімі заңғарда!
АНА-көңіл, құшаққа алғанда.
АНА-АНА ақ сүтін берген-ді,
Жетсін деп, ұл-қызым арманға...
Құшақта АНАңды....